«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙЛАНЫС ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Ұлттық бюроның облыстық департаменттерінде жергілікті тұрғындар үшін “Ашық есік күні” өтті.

Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері, “Болашақ” бағдарламасының түлектері қатысты. Олар үшін, ең алдымен, әкімшілік ғимаратқа экскурсия ұйымдастырылып, келушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің негізгі бағыттарымен танысты. “Бармақ басты, көз қыстылық” әрекеттері үшін мемлекеттік қызметшілерді тергеуге арналған бөлмелерді аралады. Тергеуші Марат Мұхамеджанов студенттерге бұл жауапты қызметке қалай орналасқаны жайлы айтып берді. Жоғары оқу орнында заңгер мамандығын игерген ол алдымен Ішкі істер министрлігінде жедел уәкіл болып жұмыс істеген. Екі жылдан кейін Қостанай облысына тергеуші болып ауысып, қазіргі қызметіне өткен жылы кірісіпті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінде өткен “Ашық есік күнінде” мамандар жаңа форматта азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауға мемлекеттік қызметке орналасуға ниетті жастар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы өңірлік филиалының тыңдаушылары қатысты.
“Ашық есік күнінің” негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында байланыс орнатып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp