«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жас Отан” жастар қанатының өкілдері мен гуманитарлық техникалық колледж студенттері отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

– Біз балалардың көңілін көтеріп, естен кетпес ерекше кеш ұйымдастыруды ұйғардық. Ойын ойнап, тәрбиеленушілерді сергітіп, олармен пікір алмасуға да көңіл бөлдік, – деді “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының жетекшісі Абылайхан Қайроллаев.

Балаларға қонаққа келген жастар концерт ұйымдастырып, өз қолдарымен жасаған естелік сыйлықтарын тарту етті. Гуманитарлық-техникалық колледж студенті Нүрила Артықбай Жастар жылының маңызына тоқталып, өскелең ұрпақ бір-бірін қолдап, еліміздің көркеюіне өз үлесін қосуы тиіс екенін айтты.

Бүгінде отбасылық үлгідегі балалар ауылында 6 мен 18 жас аралығындағы 39 тәрбиеленуші бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp