«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер  командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде.

Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, сайыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз команда бақ сынауда.

Өткен демалыс күндері жергілікті «Қуаныш» командасы екі кездесу өткізді. Бәсекенің алғашқы күні жерлес волейболшылар павлодарлық «Иртыш-Казхром» командасының спортшыларымен сайысқа түссе, екінші күні өскемендік «Алтай-2» құрамасымен кездесті. Кездесулердің нәтижелерін газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp