Петропавлдағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде.
Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, сайыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз команда бақ сынауда.
Өткен демалыс күндері жергілікті «Қуаныш» командасы екі кездесу өткізді. Бәсекенің алғашқы күні жерлес волейболшылар павлодарлық «Иртыш-Казхром» командасының спортшыларымен сайысқа түссе, екінші күні өскемендік «Алтай-2» құрамасымен кездесті. Кездесулердің нәтижелерін газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.