«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАУЫЛПАЗ ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ДОДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы олимпиадалық резервтегі облыстық мектеп-интернат-колледжінде қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Қожаберген жырау атындағы сайысқа Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Шымкент қалаларынан келген екі жүзге жуық балуан қатысты.
Екі күнге созылған біріншілік барысында 2004-2005 жылдары туған спортшылар 11 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Доданың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Сламғали (32 кг., Екібастұз қ.), Мұхтар Әлиев (35 кг., Шымкент қ.), Дмитрий Динер (38 кг., күрес мектебі), Нұржан Сәрсенғалиев (42 кг., Атырау обл.), Нұрлан Абдуназар (46 кг., Шымкент қ.), Темірлан Савет (50 кг., Көкшетау қ.), Өміржан Байболсын (55 кг., Атырау қ.), Аян Төсекбай (60 кг., күрес мектебі), Никита Кузьмин (66 кг., Көкшетау қ.), Алмас Махаматов (73 кг., Шымкент қ.), Жасұлан Қолқабаев (73+ кг., Ақмола обл.) жеңістің биік тұғырына көтерілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp