«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНБОТА – ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына  алғашқы медальді Жанбота Алдабергенова салды.

Жанбота Алдабергенова «шаңғы акробатикасында» 79,38 ұпаймен қола жүлдені иеленді. Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Белорусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр. Тағы бір қазақстандық фристайлисшы Аяна Жолдас 4-ші орынға тұрақтады.

23 жастағы Жанбота Алдабергенова көптеген Еуропа кубогы кезеңдері, әлем біріншілігі, Қазақстан кубоктарының жүлдегері.

 https://www.inform.kz/kz/universiada-2019-kazakstan-korzhynyndagy-algashky-zhulde-zhanbota-aldabergenovanyn-enshisinde_a3503924

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp