Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді Жанбота Алдабергенова салды.
Жанбота Алдабергенова «шаңғы акробатикасында» 79,38 ұпаймен қола жүлдені иеленді. Осы сайыста 100,29 ұпаймен бірінші орынды Белорусь спортшысы Александра Рамановская алды, екінші орында 91,29 ұпаймен ресейлік Любовь Никитина тұр. Тағы бір қазақстандық фристайлисшы Аяна Жолдас 4-ші орынға тұрақтады.
23 жастағы Жанбота Алдабергенова көптеген Еуропа кубогы кезеңдері, әлем біріншілігі, Қазақстан кубоктарының жүлдегері.