Өңіріміздегі 18 колледжде «Sоvа» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды.
«Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Екатерина Старостинаның айтуынша, аталмыш жүйе журнал толтырудың ашықтығын, ата-аналардың студент баласының бағасына, сабақ кестесіне қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жүйе арқылы оқытушылармен, басқа ата-аналармен байланыс жасауға да болады.
Үстіміздегі жылдың соңына дейін жүйені тағы алты колледжде енгізу жоспарланып отыр.