«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақтөбе қаласында гір спор-тынан ел біріншілігі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 150 спортшы қатысқан жа-рыста 22 жерлесіміз бақ сы-нады.

Сайыстың нәтижесінде 2003 жылы туған жасөспірімдер ара-сында Захар Коваленко (63 кг.) мен Виктор Устинович (73 кг.) топ жарды.
2001-2002 жылы туғандар ара-сында Илья Ротов (58 кг.) пен Ва-лентин Федоровскийге (73 кг.) тең келер ешкім болмады. Жарыс жеңімпаздары үстіміздегі жылдың маусым айында Францияның Па-риж қаласында өтетін Еуропа бі-ріншілігінің жолдамасына қол жеткізді.
Ал кәсіпқой спортшылар ара-сында Олег Окс (63 кг.), Михаил Вологодский (73 кг.), Василий Слепых (85 кг.), Виталий Диденко (95 кг.) және Елена Костенко (58 кг.) жеңістің биік тұғырына көте-рілді. Петропавл қаласындағы жоғары спорт шеберлігі мектебін-де шынығатын бұл спортшыларға биылғы қараша айында Сербия-да өтетін әлем біріншілігінің жол-дамасы бұйырды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp