«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИГІ ІСТЕР БАСТАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Маған Астана қаласында өткен “Nur Otan” партиясының 20 жылдығына арналған XVIII съезіне қатысу бақыты бұйырды. Барлығын өз көзіммен көріп қайттым. Үлкен әсер алдым. Елім үшін, Елбасы үшін қатты қуандым. Расында да, Тәуелсіздік алғалы осы күнге дейін қаншама игілікті істер атқарылды. Бүгінгі таңда біз бейбіт әрі тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз.

Кешегі өткен алқалы жиында да Президентіміз келелі мәселелерді көтерді. Басым бөлігі, әрине, халықтың әлеуметтік жағдайына бағытталды. Сол себепті бүтін ел болып Елбасымыздың бастамаларына қолдау білдіріп, бір адамдай жүзеге асырсақ, біздің болашағымыз жарқын болатынына мен кәміл сенемін.
Елбасы ретінде Н.Ә.Назарбаевтың жұмысы өте ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Өз басым өмірге алты бала әкелген анамын. Әр баланың тәрбиесі, білімі, денсаулығы, жалпы болашағы үшін жауапкершілікті арқалайсың. Алты баламның алтауын да ерекше жақсы көремін, бақытты болулары үшін жанымды берерім анық. Ал Елбасымыз болса Қазақстандай байтақ елге, он сегіз миллионнан астам халыққа қамқоршы болып отыр.
Кешегі өткен съезде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев әр балаға берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге көтеру керек деп айтты. Көпбалалы ана ретінде осы шешімі үшін қатты қуандым. Бұл біз үшін үлкен көмек болар еді. Осындай қолдау білдіру арқылы елдегі демография да көтеріледі деп ойлаймын. Тек әрбір көпбалалы ана бөлінген қаражатты баланың игілігі үшін ғана жұмсаса екен деп тілеймін.

Сәуле ОМАРОВА, көпбалалы ана.
Қызылжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp