«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өрттің басым бөлігі балалардың отпен ойнауы салдарынан орын алады. Олар көбіне өрт болған жағдайда не істеу керектігін білмейді. Өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым талаптарын түсіндіру мақсатында Есіл ауданы Ясновка ауылының Мәдениет үйінде ертегі желісі бойынша театрландырылған қойылым сахналанды. Оған Корнеевка және Ясновка ауылдары мектебінің оқушылары қатысты.
Шара ұйымдастырушылары балалар мен жасөспірімдерге өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті білім беріп, төтенше жағдайларда баланың тиісті қауіпсіз мінез-құлқының үлгісін және дағдыларын қалыптастыруды мақсат тұтты. Мәдениет үйінің қызметкерлері тұрғын үйлерде өрттің пайда болу себептерінің бірін көрсетуге барынша тырысты. Сахналық киім мен декорацияны балалардың есінде қалатындай етіп таңдады. Сондай-ақ, спектакль арасында өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелеріне орай викторина өткізілді, балалар өздігінше өрттің шығу себебін анықтауға тырысты. Викторина қорытындысы бойынша үздік білімпазға “Өрт ісінің білгірі” атағы берілді.
Шара соңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері балғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын тағы бір мәрте түсіндіріп, өрт сөндіру қару-жарағын көрсетті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp