«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘРІПТЕСТЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің ер-азаматтары әріптес қыз-келіншектердің құрметіне салтанатты шара өткізді.

Оларды мерекемен құттықтай отырып, ведомство бастығы Берік Біләлов бүгінде солтүстікқазақстандық полиция қатарында 494 нәзік жан қызмет етіп жүргенін, олардың 363-і аттестатталған, 81-і – әкімшілік мемлекеттік қызметшілер, ал елуге жуығы еңбек келісімшарты бойынша жұмыс істеп жүргендер екенін айтты.

Салтанатты шарада алпысқа жақын нәзік жанға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, медальдар табысталды. Олардың қатарында 4-5 баладан тәрбиелеп отырған Тайынша және Қызылжар аудандық полиция бөлімдерінің инспекторлары, майор Балғын Сыздықова және Әсемгүл Қасенова, Петропавл қалалық полиция басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Әдемау Меңдібаева бар. Сондай-ақ, марқұм болған полиция қызметкерлерінің жесірлері де марапатқа ие болды.

Шара соңында Астана қаласынан арнайы шақырылған «Килиманджаро» тобы мен сатира және әзіл театрының әртісі Ерболат Төлегенов өнер көрсетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp