«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕН КҮННЕН СЫР ШЕРТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық жол полициясының мұражайы 1 наурыздан бастап өз жұмысын қайта жандандырды. Экскурсияға ардагерлер жетекшілік етеді.

Мұражай Володарский көшесі, 18 мекенжайында ведомстволық ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Ол 1997 жылы Қазақстан жол полициясының бесжылдығы қарсаңында ашылған болатын. Меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, бүгінде жаңартылған мұражайда жол полициясының тарихы, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мен аталмыш қызметтің Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары құрылуынан сыр шертетін жәдігерлерден тұратын үш зал бар. Сирек кездесетін фотосуреттерді, құжаттарды, құрылғыларды, тіпті, өткен ғасырдың басында МАИ қызметкерлері пайдаланған көліктердің бірі “Москвичті” көруге болады. Ал полицияның бүгінгі тарихы көрсетілетін залда 2011 жылдың күзінде Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді құрықтау кезінде өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың былғары курткасы мен фуражкасы сақтаулы тұр.
– Бөлек стендте облысымызда алғашқы автобустардың, бағдаршамдардың пайда болу тарихы көрсетілген. Қызықты жәдігерлер қойылған мұндай мұражайлар елімізде саусақпен санарлық, – дейді ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Евгений Райтенбах.
Бұл мұражайда патрульдік және әкімшілік қызметке келген офицерлер мен сержанттар үшін айына бір рет экскурсия өткізіліп тұрады. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың пікірінше, мұндағы мақсат – солтүстікқазақстандық полицияның бай тарихымен таныстыру, отансүйгіштікке және таңдалған мамандық үшін мақтаныш сезіміне баулу.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp