«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.03.2019

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ

Кеше облыс орталығындағы Достық үйінде Алғыс айту мерекесі және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай өңірімізді мекендейтін этностардың облыстық форумы өтті.

АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛМАҚ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен “Nur Otan” партиясының кезекті съезінде Қазақстанның даму бағыты нақтыланып, алда тұрған ауқымды міндеттер сараланды.

ИГІ ІСТЕР БАСТАУЫ

Маған Астана қаласында өткен “Nur Otan” партиясының 20 жылдығына арналған XVIII съезіне қатысу бақыты бұйырды. Барлығын өз көзіммен көріп қайттым. Үлкен әсер алдым. Елім үшін, Елбасы үшін қатты қуандым. Расында да, Тәуелсіздік алғалы осы күнге дейін қаншама игілікті істер атқарылды. Бүгінгі таңда біз бейбіт әрі тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз.

БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

“Жас Отан” жастар қанатының өкілдері мен гуманитарлық –техникалық колледж студенттері отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

ӘКІМДІКТЕ – КЕЗЕКТІ ОТЫРЫС

Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл алқалы жиында  Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде айқындалған міндеттерді жүзеге асыру барысы талқылануда. Сондай-ақ, көктемгі егіске, наурыз мерекелеріне дайындық барысы қаралады. Әкімдіктегі отырыс туралы  мақаланы газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР САЙЫСЫ

Петропавлдағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер  командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде. Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, сайыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген сегіз команда бақ сынауда. Өткен демалыс күндері жергілікті «Қуаныш» командасы екі кездесу өткізді. Бәсекенің алғашқы күні жерлес волейболшылар павлодарлық «Иртыш-Казхром» командасының спортшыларымен …

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР САЙЫСЫ Read More »

ЖАНБОТА – ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына  алғашқы медальді Жанбота Алдабергенова салды.