Еліміздің бірқатар өңірлерінде боран соғып тұр.Осыған орай «Астана-Петропавл» бағытындағы тасжол жабылған.
Қатты боран мен көктайғақ барлық көлік түрлерінің қозғалысын тежеді. Ауа райының бұзылуы «Астана-Қарағанды» бағытындағы жол қатынасына да әсер еткен. Елордадан Атбасарға, Павлодарға бағыт алған қоғамдық және жүк көліктеріне де шектеу қойылды Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарында да жолдар жабылды. Ал оңтүстік өңірлерде «Қазгидрометтің» хабарлауынша, жаңбыр жаууы ықтимал.