«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛЕМДЕР ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр облыс орталығында “Қызылжар – адалдық алаңы” кеңсесі өз жұмысын бастаған болатын. Бүгіндері бұл бастама өз жемісін беруде.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба аясында «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің базасындағы бірыңғай ақпараттық есептік орталыққа қосылған кәсіпорындардың саны 70-тен асты.
– Жобалық кеңсенің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру. Осы орайда, облыста тұтынушылардың коммуналдық қызметтердің ақысын төлеп, оларға мониторинг жүргізуге қолайлы жағдай жасалып жатқанын атап айтуға болады. Қазіргі уақытта облыс тұрғындары коммуналдық қызметке қанша сома төлеу қажеттігі көрсетілген бірыңғай төлем құжатын пайдалануда. Қызмет көрсету орталықтарында жеке мәселесімен келген тұтынушыларды қабылдау жүргізілсе, байланыс орталықтарында тұрғындардың сұрақтарына телефон арқылы жауап беріледі, – дейді департаменттің басшысы Елена Степаненко.
Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтар коммуналдық төлемдерінің 50 пайызын интернет арқылы төлеу мүмкіндігіне ие.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp