Петропавл қаласының 19-шы шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің шатыры опырылып құлады.
Белгілі болғандай 1983 жылы тұрғызылған баспана шатырына біраз жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тұрғындарды сыртқа шығарып, қауіпті жерді қоршады.
– Шатырды тексеру барысында 9 және 10 кіреберістерінің арасындағы шатырдың 50 шаршы метрі зақымдалғанын анықтадық. Қаза тапқандар жоқ, – дейді облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Евгений Журавлев.