Қазақстан тарихында алғаш рет «Ұлы тұлғалар» сериясы аясында Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында атап өтіледі.
Атақты актрисаның мерейтойына орай 5-6 наурызда Алматыда Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақова түскен фильмдердің ретроспективасы өткізіледі.
Әмина Өмірзақова өз ғұмырында 20-дан астам кинофильмге түскен. Оның ішінде А.Карповтың «Ана туралы аңыз», Ш. Аймановтың «Тақиялы періште», Ш. Бейсенбаевтың «Гауһартас» фильмдерінде Әмина Өмірзақова қазақ киносы тарихындағы ең сәтті ана бейнелерін жасады.
https://www.inform.kz/kz/almatyda-amina-omirzakova-tusken-fil-mder-korsetiledi_a3503947