«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының XVIII съезінде: “Ұлы мақсатты көздеген “Nur Otan” партиясы халықтың сенімін ақтап, орнықты іргерілеуімізді қамтамасыз ететін бірден-бір саяси күшке айналып, жұмысын істеп келе жатыр”, – дей келе, алдағы міндеттерді саралаған болатын.

“Nur Otan” партиясының мүшесі ретінде халықтың игілігі үшін жасалып жатқан істерді қолдай отыра, жаңашыл педагог ретінде білім саласындағы реформаларды жүзеге асыруға әрдайым дайын екенімді айтқым келеді. Партияның кезекті съезінде қабылданған “Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты” атты 2030 жылға дейінгі бағдарлама партия мүшелері мен оның жетекшілеріне зор жауап­кершілік артып отыр.
Елбасы съезде сөйлеген сөзінде бүгінге дейін 2865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылғанын айтты. Педагогтардың біліктілігін арттыруды назарда ұстап, озық материалдық база мен білім берудің тиімді бағдарламасын қарастыру міндетін қойды. Әр өңірде кем дегенде бір озық университет пен он заманауи колледж болуы керектігін жеткізді. Білім ордалары жұмысының тиімділігі түлектердің еңбекпен қамтылуымен өлшенуі керек.
Әр отбасы – шағын мемлекет, сондықтан білімді, денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу мақсатында әр отбасының әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға жақсартылуда. Оны кезекті съезд барысында айтылған әлеуметтік көмек түрлерінен, тұрғын үй мәселесін шешу жөнінде қойылған міндеттерден анық байқаймыз.
“Бас партия болу дегеніміз – басқару емес, елге адал қызмет ету”, – деп Мемлекет басшысы атап өткендей, қарапайым халықтың игілігі үшін қызмет етіп отырған партия бұл міндеттерді де тиімді, уақтылы жүзеге асырады деген сенімдеміз.

Индира ТЕКЕБАСОВА, қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp