«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХОККЕЙДЕН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті “Құлагер” мен павлодарлық “Ертіс” командаларының плей-офф сынындағы кездесулері аяқталды.
Павлодар қаласында өткен жетінші матчта құлагерлік хоккейші Денис Стасюк есеп ашқанымен, үш минуттан соң айдын иелері таразы басын теңестірді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталса, овертаймда да жеңімпаз команда анықталмады. Ал буллиттер сериясында жерлестеріміздің жолы болды. Қақпашымыз Дмитрий Хозяшев бес соққының төртеуіне тойтарыс берді. Ал Альберт Гатин жеңіс шайбасын салды. Жалпы есеп – 4:3. Осылайша, жерлестеріміз біріншілік тарихында екінші рет жартылай финалға шықты.
Құлагерліктер ақтық сайыстың жолдамасы сарапқа түсетін кездесуде атыраулық “Бейбарыс” командасымен бақ сынасатын болса, көкшетаулық “Арлан” астаналық “Номадпен” ойнайды. Алғашқы кездесулер 17 наурыз күні Атырау және Көкшетау қалаларында өтеді.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp