Қызылжар өңірінде егістіктерді цифрландыру жұмысы аяқталып келеді.
Бүгінгі күні 4,7 млн.гектар танап цифрландырумен қамтылып, жоспардың 96 % орындалған екен. Бұл бағыттағы жұмысты Тайынша ауданы бірінші болып толық аяқтады.
Ал жайылымдық алқаптарды цифрландыру қарқыны баяу, бұл жөніндегі көрсеткіш 34 % шамасында ғана. Бұл жұмысты тездету міндеті қойылып отыр.
Өңірде 107 агроқұрылым 1,9 млн.га алқапта электронды карта, GPS трекерлер мен жанар-жағар май шығынын қадағалайтын құралдарды пайдалануда.