«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДА – АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазір тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінде оң өзгерістер орын алуда. Мемлекет басшысы “Nur Otan” партиясының кезекті съезінде халықтың тұрмыстық мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, әрбір қазақстандықтың жақсы өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызуға ден қойды. Елдің қамын ойлаған көреген басшымыздың сындарлы саясаты бізді биік белеске жеткізеріне сенімдімін. Өйткені, съезд барысында Нұрсұлтан Назарбаев барлық шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатынын айтып, ұлттың игілігі жолындағы онжылдық перспективаларды белгіледі.

2019 жыл­ғы 1 шілдеден бастап бюджеттік саланың төмен жалақы алатын қызметкерлерінің еңбек­ақы­сын 30 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Аудан­дық, облыстық деңгейлерде тікелей азамат­тармен жұмыс істейтін атқарушы орган­дар­дың қызметкерлерінің еңбек­ақысы орташа 25 пайызға көтерілмек. Съезде бұл мақсаттарға 2019-2021 жыл­дары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетіндігі белгілі болды. Сонымен қатар көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын да атап өтпеу мүмкін емес. Табысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдауға жыл сайын 500 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылып, атаулы әлеуметтік көмек көлемі артатыны көңілге қонымды бастама екенін айтқым келеді. Білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту, сол сияқты бас­панамен қамтамасыз ету жөніндегі жұ­мыстар да ескерусіз қалмады. Сондықтан бізді алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Баршамыз білек сыбана жұмыс істеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысуымыз керек.

Нұрбол АЛИН, Алқатерек ауылдық  округінің әкімі.
Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp