Петропавлдағы Оқушылар сарайында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды. Шараға жергілікті билік, әжелер мектебінің өкілдері, “EXPO&WOMAN ” халықаралық ұйымының атқарушы директоры Ләззат Асқарова қатысуда. Отырыста Астанадан келген “Тектану” орталығының жетекшісі Әлия Сағымбаева қазіргі таңда ерлі-зайыптылардың ажырасуы қоғамда үлкен мәселе екенін айтып, ұл мен қыздың тәрбиесіне қатысты өз ойын білдірді, «Тектану»орталығының жұмысымен таныстырды.
Аналар кеңесінің отырысы жайлы толық газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.