Алматыда Күләш Байсейітова атындағы ІХ республикалық вокалистер байқауы өз мәресіне жетті.
Ересектер тобында бас жүлдені Абай атындағы Мемлекеттік Опера және балет театрының солисі Балуан Беркенов, кіші топта – Шымкент музыкалық колледжінің тәрбиеленушісі Нұрқанат Тәпиев жеңіп алды.
14 жылдан бері тоқтап қалған байқауды қайта жандандыру идеясын Қазақстан Тұңғыш Президенті қоры қолдаған болатын. Ең алғаш рет бұл байқау 1975 жылы шымылдығын ашқан еді. Ұйымдастырушылар байқауды жыл сайын жалғастырып, халықаралық деңгейге шығармақниетте.