«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДҰРЫС ТАҢДАУ МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде парфюмерлік және косметикалық өнімдер кең тарауда. Өйткені, бұл өнімдер үлкен сұранысқа ие. Осы орайда қауіпсіздік үшін нарықта косметиканы дұрыс таңдаудың маңызы зор екенін естен шығармаған абзал. “Парфюмерия және косметика қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламенті 2012 жылғы шілдеде күшіне енді. Оған Кеден одағының аумағында өндірілетін немесе оның аумағына әкелінетін барлық парфюмерлік-косметикалық өнімдер жатады.

Регламентте пайдалануға тыйым салынған 1328 парфюмерлік және косметикалық өнімнің тізімі көрсетілген. Табиғи өсімдіктен немесе минералды шикізаттан тұратын парфюмерлік және косметикалық өнімдерде кездесетін улы заттарға жататын күшән – 5,0 мг/кг., сынап – 1,0 мг/кг., қорғасын – 5,0 мг/кг-дан аспауы тиіс.
Парфюмерлік өнімдердің токсикологиялық және клиникалық көрсеткіштері аккредиттелген сынақ зертханаларында физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша өнім сынақтарының оң нәтижелерін алғаннан кейін анықталады.
Сондай-ақ, қауіпсіз өнім таңдауда парфюмерия мен косметика өнімдерінің қаптамасына назар аудару қажет. Парфюмерлік сұйықтықтар шыны, кристалл, фарфор, полимерлі бөтелкелерге немесе шыны түтіктерге құйылады. Парфюмерлік бөтелкелер сапалы болуы тиіс. Өнімдердің таңбасында толық ақпарат көрсетілгені жөн.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келетін парфюмерлік және косметикалық өнімдер Кеден одағы елдерінің нарығында өнімдердің бірыңғай айналым белгісімен белгіленуі тиіс. Әрбір тауардың (тұтыну орамы, затбелгі, жапсырма) тасымалдау құжаттамасына одаққа мүше мемлекеттердің нарығында тауар айналымының бірыңғай белгісі қолданылады.


Екатерина ПАРШИНА,  техникалық реттеу және метрология комитеті Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp