«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ОЙЫНДА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде.
Жергілікті “Қуаныш” командасы алғашқы төрт турдың нәтижесінде 22 ұпаймен 6-шы орынға тұрақтаған болатын. Жерлестеріміз 28 кездесудің жетеуінде жеңсе, қалғанында ұтылды. Турнир кестесінде өскемендік “Алтай” командасы 79 ұпаймен көш бастаса, Алматы облысының “Жетісу” командасы – екінші, павлодарлық “Ертіс-Казхром” құрамасы үшінші орынға қол жеткізген еді.

Өткен демалыс күндері жерлес волейболшылар бесінші тур аясында екі кездесу өткізді. Бәсекенің алғашқы күні жерлестеріміз павлодарлық “Ертіс-Казхром” командасының спортшыларымен сайысқа түсті. Петропавлдықтар қарсыластарын әуелі үш, кейін бес ұпайға артта қалдырды. Дегенмен, “Қуаныштың” бұл қуанышы көпке созылмады. Өткен төрт турдың қорытындысында үздік үштікке кірген павлодарлықтар үшінші кезеңнен бастап ойын тізгінін өз қолдарына алды. Сөйтіп, кездесу соңына дейін белсенді ойнаған керекуліктерге жерлестеріміз 2:3 есебімен есе жіберді.
Сайыстың екінші күні петропавлдық ұжым өскемендік “Алтай-2” құрамасымен кездесті. Жерлестеріміз бұл кездесудің де алғашқы екі кезеңінде 25-22 есебімен көш бастағанымен, бұдан кейін ойын тізгінін уыстарынан шығарып алды. Қарсылас команданың ойыншылары қалған үш кезеңде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, 2:3 есебімен ұтылған “Қуаныш” жанкүйерлерін бұл жолы да қуанта алмады.
Ертең, 6 наурызда сағат 18-де жерлестеріміз “Қарағанды” командасымен тартысқа түседі. Бесінші тур ойындары 10 наурызға дейін созылады.


Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp