«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ТІРЕГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Тіл және әдебиет институтының ұйымдастыруымен аймақтық “Туған жердің патриоттары – ел тірегі” атты іскерлік ойын сайысы өтті. Бақтарын сынағандар ішінде университет пен колледж студенттерімен қатар мектеп оқушылары да болды.

Сайыста топты таныстыру, үй жұмысы бойынша жарнамалық ролик, мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, “Туған жер” тақырыбында көрсетілген бейнероликке пікір айту сияқты тапсырмалар берілді. Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін қазақ тілін меңгеру деңгейіне, жауаптың жылдам әрі мазмұнды берілуіне, өздерін ұстау мәдениетіне қарай бағалады.
Сайыстың бірінші тапсырмасынан-ақ өзгелерден ерекшеленіп, суырылып алға шыққан Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттерінен құралған топ жеңімпаз деп танылды. СҚМУ-дің тарих, экономика және құқық факультетінің студенттері екінші орынды иеленсе, үшінші орынға М.Айтқожин атындағы №1 орта мектептің өрендері орнықты.
Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жерге сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілге құрметті нығайту мақсатында өткен сайысқа қатысқандардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдері екендігін ескерсек, діттеген ой жүзеге асты деуге негіз бар.

Маржан АҒЫБАЙ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің  2-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp