«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАН АҒЫМЫНА САЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде өңірдегі ардагерлер ұйымдарының игі бастамалары мен айшықты істері жұртшылықтың көңілінен шығуда. Әсіресе, бастауыш ардагерлер ұйымдарына артылған сенім зор.

Өңірімізде қазір 564 – бастауыш, 317 цехтық ардагерлер ұйымы бар. Бұл ұйымдар төрағаларының жартысынан астамы – жоғары білімді мамандар. Әр саланы жетік білетін жандар ардагерлер ұйымдарына жетекшілік етіп, қоғамда аға буынның беделін арттыруға оң ықпал етуде. Олардың дені әлі жетпіске де толмаған.
Қазір жаңа технологияның дәуірі. Әр адам жасына қарамастан заманауи технологияны жетік меңгеріп, өмір ағымынан қалмауы тиіс. Бұл орайда Тайынша ауданындағы жаңашылдықты көпке үлгі еткен жөн. Өткен жылы аталмыш ауданда 737 зейнеткер ақпараттық технологиялар бойынша білімдерін жетілдіріп, компьютерді меңгерді. Олар түрлі спорттық жарыстарға да белсене қатысады. Мәселен, Миронов ауылдық округінде зейнеткерлер арасында веложарыс өтті.
Бастауыш ұйымдарда күрмеуі қиын мәселелер де аз емес. Бар өмірі туған жермен біте қайнап, еңбек еткен зейнеткерлерді қазір ауылдың жағдайы толғандырады. Мамлют аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Омаровтың айтуынша, жастар көршілес Ресейдің Қорған облысына оқуға баруға әуес. Сондықтан ауданда жас мамандар тапшы. Бірақ ардагерлер бұл істен де шет қалмай, жастарды ауылда қалдыру мақсатында оларды әртүрлі мамандықтарға баулуда.
Биыл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған “Жастар жылын” жасампаздықтың бастауы деп есептейміз. Осы орайда аға буын өкілдерінің жастарды еңбекке баулу, оларға рухани тәрбие беру бағытындағы жұмыстарының тиімділігі арта түсеріне сенеміз.
Орталық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қолға алынған “Ақ бата – ардагерлер алғысы”, “Дәнекер” сияқты қоғамдық, әлеуметтік маңызы зор шараларға жергілікті билік тарапынан ерекше қолдау көрсетілгенін атап өткен жөн. Елбасының “Рухани жаңғыру”, “Ұлы даланың жеті қыры” мақалаларына үн қатып, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға атсалысқан ардагерлердің еңбегі облыс әкімі Құмар Ақсақалов тарапынан жоғары бағаланды. Өңір басшысының жылы сөзі аға ұрпақтың мерейін үстем етті. Үстіміздегі жылы атқарылар жұмыстың ауқымы кең және сан қырлы. Жеңістің 75 жылдығына дайындықты бүгіннен бастаған жөн. Жеңіс саябағын абаттандыруға жастарды тартып, олардың бойына патриоттық рух сіңіруді осындай істерден бастау керек деп ойлаймын.

Жангелді ТӘЖИН, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp