«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҰҚТАЖДАРҒА КӨМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полицейлер Алғыс айту күні қарсаңында “Жылулық сыйла” қайырымдылық акциясына қатысып, 31 мұқтаж отбасыға көмек көрсетті.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов тәртіп сақшыларына Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларға, көмекке зәру азаматтарға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді.
Департаменттің жылдам әрекет ететін арнайы жасағының инспекторлары облыс орталығындағы Комсомольская көшесінде тұратын жалғызбасты зейнеткер әжейге көмек көрсетсе, арнайы даярлық басқармасының қызметкерлері Победа көшесіндегі бір бөлмелі пәтерде тұрып жатқан отбасына мерекелік көңіл күй сыйлады. Отағасы Манап Серікбаев жалғыз өзі төрт бала тәрбиелеп отыр. Мереке қарсаңында офицерлер оларға азық-түлік пен басқа да қажетті заттар апарып берді. Әкімшілік полиция басқармасының офицерлері де акциядан қалыс қалмай, Петропавл қаласында тұратын Мақашевтар отбасына барды. Бұл отбасының алты баласына сыйлықтар үлестірді.
Аудандардағы мұқтаж отбасылар мен зейнеткерлер де полицияның назарынан тыс қалмады. Он үш аудандық полиция бөлінісінің қызметкерлері мұқтаж отбасыларға киім-кешек, ойыншықтар, азық-түлік пен отын жеткізді.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp