Ертең ел тарихында алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионаты басталады.
Әлемнің 14 елінен келген әйгілі шахматшылар Астанада бақ сынайды. Спорттық жарыс айналым жүйесімен өтіп, 9 кезеңнен тұрады. Бірегей дода 14 наурызға дейін жалғасады. Ел намысын Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова және Қазақстан құрамасына қайтып оралған Бибісара Асаубаева сынды танымал спортшылар қорғайды. Бибісара соңғы 2 жылда ол Ресей құрамасының сапында болған еді.