«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәртіп сақшыларына жоғалған затын табуға қол ұшын созғаны, тағы басқа жағдайларда көмек көрсеткені үшін облыс тұрғындары алғыс білдіріп, ведомство бастығы, генерал-майор Берік Біләловтің атына хат жолдап жатады.

Осындай хаттардың бірі алаяқтың құрбаны болған қала тұрғынынан түсті. Әйелдің сеніміне кірген қаскөй оның қымбат телефонын иемденіп кеткен. Қылмыс екі аптада ашылды. “Дәлізде тұрғанымда бірінші полиция бөлімінің бастығы мені кабинетіне шақырды. Мән-жайды түсіндіргеннен кейін полиция қызметкерін шақырып алып, телефонымды тауып беруді тапсырды. Көп ұзамай маған күдіктінің ұсталғанын және телефонымның табылғанын хабарлады”, – делінген хатта.
Тағы бір азамат патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Зайыбымен бірге жақында туған нәрестелерін ауруханаға апара жатқанда, көліктен ақау шығып, “Оңтүстік” бекетінің маңында тоқтауға мәжбүр болған. Полицияның аға лейтенанты Жанат Кенжеболатов пен полиция аға сержанты Николай Сафонов оларды ауруханаға апарып, сынып қалған көлікті Бескөл ауылындағы жөндеу орнына жеткізуге көмектескен. “Сізге және қызметкерлеріңізге алғысым шексіз. Оларға қарап, полиция қатарында адал қызметкерлердің жұмыс істеп жүргеніне көзім жетті”, – дейді жүргізуші. Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушысы әмиянын тауып беруге көмектескен полицейлерге алғыс айтты.

Ерлан МАХМЕТОВ, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp