«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛУ МҮМКІНДІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

WHATSAPP желісіне Ақжар ауданы Ақсары ауылының тұрғыны Абдулазиз Асетулладан сауал келіп түсті.
Абдулазиз АСЕТУЛЛА,
Ақжар ауданындағы Ақсары ауылының тұрғыны:
– Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы аясында Шымкент қаласынан Ақжар ауданындағы Ақсары ауылына көшіп келген едік.

Зайыбым екеуіміз алты бала тәрбиелеп отырмыз. Осыдан үш ай бұрын кәсіпкерлік курсынан өтіп, сертификат алдым. Мамандар солтүстікке көшіп келгендерге қайтарымсыз грант берілетінін айтқан болатын. Мал шаруашылығымен айналысу үшін қайтарымсыз грант ала аламын ба?
Оқырманның бұл сауалына облыстық кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Александр Бердниченко жауап береді:
– Мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант алу үшін бірнеше шарт қарастырылған. Ең алдымен үміткерлер “Бастау” жобасының аясында немесе “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша арнайы оқудан өтуі тиіс. Оңтүстік өңірлерден көшіп келгендер мен оралмандар да бұл мемлекеттік қолдауға үміт арта алады. Дегенмен, қаражат мақсатты жұмсалуы тиіс. Яғни, сіз 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі қолдауды тек арнайы құрылғылар, еңбек құралдарын, мал мен құс сатып алуға ғана жұмсай аласыз. Қаржының мақсатты жұмсалғанын “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалдарында үш айдың көлемінде құжат жүзінде растауыңыз керек. Бағдарлама шарттарында грантты тұтынушылық мақсатта пайдалануға, осыған дейінгі несиелік займдарды жабуға, тұрғын үй салып, жалға алуға, жер учаскелерін алуға, акциздік тауарлардың өндірісіне, жалға алу қызметтерін өтеу үшін қолдануға тыйым салынған. Басқа да сұрағыңыз болса, Петропавл қаласындағы, Абай көшесі, 29 мекенжайындағы облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгіне аласыз.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.
Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp