«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНУҒА СЕБЕП БАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мен – жалғызбасты анамын. Он жастағы үлкен қызым сал ауруына шалдыққан. Өздігінен жүріп-тұра алмайды. Төсекке таңылған балапанымның жағдайын жасап, біраз жылдан бері үйде отырмын. Бос уақытымда тоқыма тоқып, тапқан азғантай табысымды тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсаймын. Дәл қазіргі уақытта қызымның күтіміне байланысты тұрақты жұмысқа шығуға мүмкіндігім жоқ. Осы күнге дейін 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы алып келдім. Шыны керек, бұл қаржы үлкен қызымның дәрі-дәрмегіне, пәтерақыға кетеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Nur Otan” партиясының XVIII съезінде биылдан бастап қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар игі істердің жүзеге асатынын айтқанда, өзім сияқты аналардың қуанғанында шек болмады. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақының көлемі 30 пайызға ұлғайтылатын болды. 2019-2021 жылдары бұл мақсатқа мемлекет бюджетінен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек. Көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі ұл-қыз тәрбиелеп отырған аналарға қамқорлық танытқан Елбасымызға алғысымыз шексіз. Бала – болашағымыз. Олардың жағдайын ескеретін елдің ертеңі қашан да жарқын болмақ!


Раушан ИГЕНОВА,
Петропавл қаласының тұрғыны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp