«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.03.2019

ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аяулы аналарды көгілдір көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамуына үлес қосқан нәзікжандар мен көпбалалы аналарды марапаттады.

БАСПАНАСЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

“Nur Otan” партиясының облыстық филиалында өткен жиында «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Жиында “Қазақстан ұлттық банкі” АҚ-ның облыстық филиалы директорының орынбасары Бақыт Сәбиева бүгінге дейін 427 солтүстікқазақстандықтың аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет танытқанын жеткізді. Өтініші мақұлданған 270 азамат жазда пәтер кілттеріне ие болмақ. Жалпы, бағдарламаға өңірдегі екінші деңгейлі жеті банк қатысуда. Үміткерлерге қойылатын ортақ талап …

БАСПАНАСЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА Read More »

«КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА КӨМЕК 1 СӘУІРДЕН БАСТАП ТӨЛЕНУІ ТИІС»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жиынға премьер-министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев және премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. “Жақында өткен “Нұр Отан” …

«КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА КӨМЕК 1 СӘУІРДЕН БАСТАП ТӨЛЕНУІ ТИІС» Read More »

АЛМАТЫЛЫҚТАР ЖЕҢДІ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары жалғасуда. Бүгінгі алғашқы кездесу «Астана» және «Алматы» командаларының арасында өтті. Бірінші кезеңде ойын тізгіні елордалықтардың қолында болғанымен,  екінші кезеңде қарсыластарынан 6 ұпайға артта қалды. Үшінші кезеңде астаналық волейболшылар тағы да көш бастады. Дегенмен, қалған екі кезеңде алматылықтар басым түсті. Есеп – 2:3. …

АЛМАТЫЛЫҚТАР ЖЕҢДІ Read More »

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ КҮНІ

  Шал ақын ауданында өрт қауіпсіздігі күні өтті. Шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Сергеевка қалалық №20 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері және еріктілер елді мекендердегі әр үйге барып, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға басымдық берілді. Мамандар 531 үйдің пешін тексеріп, бір мыңға жуық адамға …

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ КҮНІ Read More »

БАТЫР ҚЫЗДАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбепап кітапханада “Ұлы даланың ұлы қыздары” атты көрме ашылды. 

ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлда теннистен жасөспірімдер арасында “Petropavlovsk ITF Juniors Championships” атты төртінші санаттағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстанның теннис федерациясы мен облыс әкімдігі бірлесіп қолға алған байрақты бәсеке Теннис орталығында өтті.     Алғаш рет жалауы желбіреген дүбірлі додада елімізбен қатар АҚШ,  Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 18 жасқа дейінгі жүзге жуық өрен бақ сынады. Үш күнге созылған тартысты сайыстың …

ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ЖЫЛУ МАГИСТРАЛЬДАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Биыл Петропавлда  4 бірдей жылу магистралін жаңғырту жоспарланған.Осы жұмыстың нәтижесінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету жақсарып, шығын азаяды деп күтілуде. Бұл ретте қалада жаңадан салынып жатқан шағынаудандар мен өнеркәсіптік аймақ  басымдыққа ие. Өткен жылы облыс орталығындағы негізгі үш жылу магистралі жаңартылып, жылу беру жаңа сапалық деңгейге көтерілді.  Сонымен қатар, мамандар  жаңа кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлерді …

ЖЫЛУ МАГИСТРАЛЬДАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ Read More »

СЕНАТОРЛАР ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіндегі тапсырмалары мен партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасындағы негізгі мақсат-міндеттерді халыққа жеткізу мақсатында Сенат депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина жұмыс бабындағы іссапармен Қызылжар өңіріне келді.

ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде. Бәсекенің үшінші күні жергілікті «Қуаныш» командасы “Алматы” командасымен кездесті. Жерлестеріміз алғашқы екі ойындағыдай кездесуді сәтті бастап, қарсыластарын әуелі бес, кейін сегіз  ұпай айырмашылығымен  артта қалдырды. Дегенмен, петропавлдық қыздардың бұл қарқыны үшінші кезеңде су сепкендей басылды. Өткен төрт турдың үшеуінде жерлестерімізді жеңген …

ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ Read More »

«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» БАЗАСЫ НЫҒАЙТЫЛАДЫ

Қызылжар өңіріндегі жедел медициналық көмек көрсету қызметін жақсарту мақсатында ел қазынасынан биыл 2 млрд.теңге  бөлінеді. Бұл қаржы «Жедел жәрдем» көліктерін жабдықтауға, жаңа машиналар сатып алуға жұмсалмақшы. Бүгінгі күні өңірде күн сайын 32 бригада науқастарға жедел көмек көрсетуге шығады. Көлік саны жеткілікті болғанымен, жартысы тозған көрінеді. Сонымен қатар бұл салада дәрігерлер жеткіліксіз болып отыр. 

БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

Қызылжар ауданындағы Красный яр селосының маңында  тәртіп сақшылары  тоқтатқан жеңіл көліктен еліктің еті мен мылтық табылған.

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Бүгін “Nur Otan” партиясының облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтайды. “Nur Otan” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов он бес нәзік жанға сертификат табыс етпек. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының XVIII съезінде белгіленген міндеттер талқыланады. Шара соңы мерекелік концертке ұласады.