Қызылжар ауданындағы Красный яр селосының маңында тәртіп сақшылары тоқтатқан жеңіл көліктен еліктің еті мен мылтық табылған.
Сол маңайдағы іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер елік еті салынған 5 қапшықты тауып алды. Ұсталған 43 жастағы петропавлдықтан басқа заңсыз аң аулауға тағы 4 адам қатысып, 9 елікті атып алғаны анықталды. Оқиға орынан бес жұп шаңғы, 2 мылтық және 1 автомашина тәркіленді.