«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАТЫР ҚЫЗДАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбепап кітапханада “Ұлы даланың ұлы қыздары” атты көрме ашылды. 

Осыған орай кітапхана облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесіп, әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды.

Кешке келген оқырмандар аты аңызға айналған батыр арулар Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың өмірі жайлы әдебиетпен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қоса көрме сөрелеріне қазақ тарихында ерен еңбектерімен танылған нәзік жандар жайлы кітаптар қойылды.

Облыс орталығының өнер ұжымдары әзірлеген шағын концерт кештің сәнін келтірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp