«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛУ МАГИСТРАЛЬДАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Петропавлда  4 бірдей жылу магистралін жаңғырту жоспарланған.Осы жұмыстың нәтижесінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету жақсарып, шығын азаяды деп күтілуде. Бұл ретте қалада жаңадан салынып жатқан шағынаудандар мен өнеркәсіптік аймақ  басымдыққа ие.

Өткен жылы облыс орталығындағы негізгі үш жылу магистралі жаңартылып, жылу беру жаңа сапалық деңгейге көтерілді.  Сонымен қатар, мамандар  жаңа кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жеңілдегенін айтады.

Ал Борки поселкесі және  Партизан көшесіндегі бірқатар учаскелерді жылу жүйесіне қосу техникалық себептермен әлі күнге мүмкін болмай отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp