«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНАТОРЛАР ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіндегі тапсырмалары мен партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасындағы негізгі мақсат-міндеттерді халыққа жеткізу мақсатында Сенат депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перепечина жұмыс бабындағы іссапармен Қызылжар өңіріне келді.

Тайынша ауданындағы Келлеровка және Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында сенаторлар Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару жұмыстары туралы жан-жақты баяндады. Ауыл тұрғындары əлеуметтік мəселелер, көпбалалы және əлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, сондай-ақ табысы төмен тұрғындардың жалақысын арттыру мəселелеріне қатысты сауалдар қойды. Кездесуге қатысушылар өз аймақтарындағы өзекті мəселелерді көтеріп, əлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктеріне назар аударды. Ауыл тұрғындары санының артуына байланысты жаңа үйлер салу, жұмыс орындарын ашу жəне өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мəселелері айтылды.

Cенат депутаттары Ерік Сұлтанов пен Ольга Перпечина облысымызға жұмыс бабындағы іссапары барысында Петропавл қаласында, Қызылжар, Есіл, Мамлют және Жамбыл  аудандарында болып, еңбек ұжымдарымен, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp