Облыс әкімдігі және “Отандастар” қоры арасындағы меморандумға қол қойылды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасы бойынша 2 жыл бұрын “Отандастар” қоры құрылған болатын. Қордың міндеті – шетелдердегі және елге көшіп келген ағайындарға қолдау көрсету. Облыстық әкімдікпен жасалған меморандум аясында шетелдегі жастарды өңірдегі танымдық жазғы лагерьлерге шақыру, тіл үйрету,тарих, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерді насихаттау курстарын, киелі орындарға экспедициялар ұйымдастыру сияқты шаралар жүзеге асырылмақшы. Жалпы «Отандастар» қоры бірнеше бағытта жұмыс істейді. Білім, мәдениет, бизнес салалары бойынша 8 жобалық кеңсесі бар.