Бүгін “Nur Otan” партиясының облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарды Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтайды.
“Nur Otan” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов он бес нәзік жанға сертификат табыс етпек.
Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының XVIII съезінде белгіленген міндеттер талқыланады.
Шара соңы мерекелік концертке ұласады.