«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Спорт сарайында волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің бесінші тур ойындары өтуде.

Бәсекенің үшінші күні жергілікті «Қуаныш» командасы “Алматы” командасымен кездесті. Жерлестеріміз алғашқы екі ойындағыдай кездесуді сәтті бастап, қарсыластарын әуелі бес, кейін сегіз  ұпай айырмашылығымен  артта қалдырды. Дегенмен, петропавлдық қыздардың бұл қарқыны үшінші кезеңде су сепкендей басылды. Өткен төрт турдың үшеуінде жерлестерімізді жеңген алматылық ұжым бұл жолы да басымдық танытты. Кездесу соңына дейін белсенді ойнаған алматылықтар жеңіске жетті. Бір атап өтерлігі, бесінші тур аясындағы үш кездесудің барлығы 2:3 есебімен аяқталды. Қарсылас командалар мықты ма, әлде жерлестерімізге бес кезең бойы белсенді ойнауға шыдамдылық жетіспей ме, о жағы белгісіз.  

Бүгін, 6 наурызда сағат 18-де жерлестеріміз “Қарағанды” командасымен тартысқа түседі. Бесінші тур ойындары 10 наурызға дейін созылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp