«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аяулы аналарды көгілдір көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық дамуына үлес қосқан нәзікжандар мен көпбалалы аналарды марапаттады.

– Әйел – отбасының қазығы ғана емес, мемлекеттің – сенімді тірегі. Қай заманда болмасын әйелдер ерлерге қолдау көрсетіп, жауға бірге шыққан. Есенейге ақыл қосып, парасатымен еліне танылған  Ұлпан ана, ғалым  Шоқанды тәрбиелеген Айғаным, Ақан сері әнге қосқан Балқадиша, Ақтоқты, Сегіз Серінің Гаухартасы аналық пен даналықтың, тазалық пен сұлулықтың символдарына айналды.  
     Бүгінгі қоғамда да осындай ел алдына шыққан ақ жаулықты аналарымыз мен аруларымыз  аз емес, – деді Құмар Іргебайұлы.  Салтанатты шарада Миргүл Есмағанбетова,  Еңлік Саттарова,  Ғазиза Сүттібаева,  Ирина Хмельницкая мен Галина Туралина “Күміс алқа ” алды. Жиында қыр гүліндей құлпырған қырмызы қыздардың,  ұрпағымен өмірін мәнді де сәнді еткен аяулы аналардың құрметіне әсем әннен шашу шашылып, күй күмбірі қалықтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp