«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ТЕННИСШІЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда теннистен жасөспірімдер арасында “Petropavlovsk ITF Juniors Championships” атты төртінші санаттағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстанның теннис федерациясы мен облыс әкімдігі бірлесіп қолға алған байрақты бәсеке Теннис орталығында өтті.  

 

Алғаш рет жалауы желбіреген дүбірлі додада елімізбен қатар АҚШ,  Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 18 жасқа дейінгі жүзге жуық өрен бақ сынады. Үш күнге созылған тартысты сайыстың нәтижесінде қазақстандық теннисші Бекзат Үсіпбеков жекелей сында жеңімпаз атанды. Ол ақтық кезеңде  отандасы Шохрух Гайратовты 3:6, 6:1, 6:0 есебімен жеңді.

Ал жұптар арасында болған сында ресейлік теннисшілер Никита Янин мен Илья Лебедев жеңістің биік тұғырына көтерілді. Олар ақтық кезеңде Матвей Александров пен Андрей Лексаковты 7:6(4), 7:6(3) есебімен ұтты.

Қыздар арасындағы жұптық кездесулерде қазақстандық Тахмина Жанатова мен ресейлік Екатерина Маклакова топ жарды. Олар ақтық сында ресейлік Татьяна Баркова мен Александра Корниловадан 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, Екатерина Маклакова жекелей сынның ақтық кездесуінде отандасы Кира Павлованы 6:4, 6:0 есебімен жеңіп,  көш бастады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp