«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«БАРЫС» БАСЫМ ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елордалық «Барыс» құрылықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі бесінші кездесуінде ресейлік «Торпедоны» жеңді.

Екі команда плей-офф кезеңінде төрт кездесу өткізіп үлгерді. Оның екеуінде «Барыс» жеңіске жетсе, екеуінде «Торпедо» мықтылығын дәлелдеді. Кешегі күнгі кездесуде «Барыс» сенімді ойын көрсетіп, бірінші кезеңнің өзінде қарсылас команда қақпасына екі шайба соғып үлгерді. Алдымен 6-минутта Мэттью Фрэттин мергендігімен көзге түсті. Ал 11-минутта Брэндон Боченски есепті ұлғайтты. Екінші кезеңде «Барыс» сапынан Андре Петерсон үш доп айырмасымен алға шығуға мүмкіндік жасады. Үшінші кезеңде «Торпедо» командасы бір гол соққанымен, одан кейін біздің қақпадан саңылау таба алған жоқ. Осылайша, кездесу 3:1 есебімен «Барыстың» пайдасына жазылды.

Ендігі кездесу 8 наурызда Нижний Новгородта өтеді. Бұл ойында жеңімпаз анықталмаған жағдайда екі команданың соңғы ойыны 10 наурызда Астана қаласында болады. Естеріңізге сала кетелік, 4 наурызда «Барыс» Нижний Новгородта «Торпедодан» 5:4 есебімен жеңіліп қалған еді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp