«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КЛИМАТЫМЫЗҒА ТӨЗІМДІ БИДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тәжірибе алқаптарында бидайдың жаңа сұрыбы тәжірибелік сынақтан өтуде.

Станцияның бас агрономы Елена Федоренконың айтуынша, бүгінгі таңда егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары аясында дәнді дақылдардың құрғақшылыққа төзімді сұрыптарын шығаруға басымдық берілуде. Бұл жазы жаңбырлы, әрі салқын біздің өңір үшін өзекті мәселе.

– Өңірімізде өсірілетін бидай жоғары өнім беруі үшін жергілікті климаттың қолайсыз факторларына төзімді болуы тиіс. Селекциялық жұмыстар 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді. Өткен жылы станция жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сұрыбын шығарған болатын. Ол үш жылдан бері тәжірибе алқаптарында сынақтан өтуде , – дейді Елена Федоренко.

Маманның айтуынша, жаңа сұрыптың вегетациялық кезеңі 80-85 күнді құрайды. Соңғы үш жылғы сынақ нәтижесі бойынша сұрыптың орташа өнімділігі гектарына 27,7 центнерден айналуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp