«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПРОАКТИВ – ТИІМДІ ТӘСІЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттік қызметті бір ғана смс хабарламаның көмегімен алуға болатын проактив қағидасын енгізген болатын.  

Бір жарым жыл ішіндеп жас босанған жүз мыңнан астам анаға смс-құттықтау жолданып, баланың туу туралы куәлігін проактив тәсілімен алу ұсынылды. Оның ішінде 63 330 ана мемлекеттік қызметке тапсырыс беріп, сәбилерінің алғашқы құжатын онлайн өтініш арқылы алды. Пилоттық жоба шеңберінде нәрестелі болған әйелдер смс-хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін рәсімдеп, жәрдемақы алуға өтініш жолдап, баланы балабақша кезегіне қоя алады.

Бүгінде проактив әдісі Телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетімді. 2018 жылдың қыркүйегінде іске қосылған бот қызметіне 5,5 мыңға жуық әйел жүгінген, оның ішінде 4 842 ана балаларының туу куәлігін рәсімдеген.    

  https://www.inform.kz/kz/zhana-bosangan-63-myn-ana-sabiinin-algashky-kuzhatyn-proaktiv-adisimen-aldy_a3505214

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp