«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРСЫЛАС ШЫДАТПАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Австрияның Зальцбург қаласында каратэден “А” сериясындағы турнир аяқталды. Бұл бәсекеде Дархан Асаділов жеңіске жетті.

Сайыста 60 килограмм салмақта сынға түскен отандасымыз финалда әлемдік рейтингте екінші орында тұрған түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, басымдық танытты. Негізгі уақыт тең аяқталғанымен, төрешілер қазақстандық спортшының белсенділігін жоғары бағалады. Бұл салмақта сынға түскен тағы бір каратэші Қайсар Алпысбай әлем чемпионатының жүлдегері, әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Бексұлтан Мұса 67 килограмда қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіске жетті. Сондай-ақ, 68 килограмм салмақта сынға түскен Софья Берульцева қола жүлдеге ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp