«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛДАҒЫ БИ ФЕСТИВАЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Нежинка ауылының Мәдениет үйінде XVII би фестивалі өтті. Екі күнге созылған ауқымды шараға түрлі жанрдағы билерді орындаушы мыңға жуық жас қатысты. Бишілер арасында мектеп оқушылары, балабақшалар мен аудандық өнер мектебінің, қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының және мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері бар. Өнерпаздар көрермендерін орындау шеберліктерімен де, киген костюмдерімен де таңқалдырып, тамаша көңіл күй сыйлады.

Аудандағы дәстүрлі би фестивалі “Нежинка – Ерке” ЖШС-нің бас директоры Мұрат Жұмабековтың бастамасымен және демеушілігімен өткізіліп келеді. Биыл серіктестік төрт Мәдениет үйіне булы үтіктер, тігін машиналарын, фотоаппараттар мен өзге де сыйлықтарды табыс етті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp