«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алған” дейді халық даналығы. Расымен де, бұл дүниедегі бар жақсылық әйелдерден бастау алады. Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербететін аналар, қыз-келіншектер ер-азаматтармен бірге қоғамның игілігін еселей түсуде.

Елімізде әйелдер құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлінуде. Гендерлік теңдік саясатының арқасында қазіргі таңда білдей бір мекеменің тізгінін ұстаған, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған, сонымен қатар өмірдің түрлі саласында айтулы белестерді бағындыра білген нәзік жандар аз емес. Әйелдер қауымы қашанда отбасының ұйтқысы, ырыс-берекесі. Халқымыздың қонақжайлығы да нәзік жандардың ақкөңіл мінезінен, ынта-ықыласпен жайған майлы дастарқанынан бастау алса керек.
Аяулы анаға, сүйікті жарға, қызғалдақтай құлпырған қыздарға деген тілек ешқашан ортаймайды. Оларға деген ілтипат әрқашан ерекше. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы. Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі – ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес “ана тіл” деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз. Аналар мерекесі құтты болсын!

Ғабит ЫБЫРАЕВ, “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp