«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН КҮРЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Үш күндік операцияға 300-ге тарта полиция қызметкері мен ондаған автокөлік, оның ішінде “Жол приставы” жылжымалы бағдарламалық-аппараттық кешені жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар азаматтарды анықтау мақсатында көліктерді тексерді. Сонымен бірге, борышкерлердің нөмірлеріне SMS-хабарламалар жіберіліп, қоңырау шалынды.

Рейд барысында “Volkswagen Jetta” автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі тоқтатылды. Тексеру кезінде оның бірнеше ай бойы әкімшілік айыппұлдарын төлемегені анықталып, темір тұлпары арнайы айып тұрағына қойылды.
Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Оспановтың айтуынша, “Борышкер” операциясы өткізілген үш күнде жалпы сомасы 13 миллион теңгеден асатын айыппұл өндіріліп алынған.


Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті  баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp